Beksports спорт порталы
Бокс

Әлемнің үздік үш боксшысы анықталды

Әлемнің үздік үш боксшысы анықталды

Ресейлік танымал бапкер Виталий Сланов әлемнің үздік үш боксшысын атады.
«Меніңше, бірінші орында Кроуфорд тұруы керек. Ол бүгінгі заманның үздік боксшысы. Сонан соң жапониялық Иноуэні қоямын. Кроуфорд, жасына қарамастан, керемет былғары қолғап шебері. Ал үшінші орында Усик тұрады», — деді Сланов.
Айта кетейік, үш боксшы да екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған. Иноуэ аса жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) және екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге) үздік атанған, Кроуфорд — бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) және жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін), Усик — бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) және аса ауыр салмақта топ жарған.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы денсаулығы туралы айтты

Redaktor

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңілді

Redaktor

Головкин менің ізімен жүріп келеді – Василий Жиров

Redaktor

Пікір жазу