Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Белгілі кәсіпкер Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады

Белгілі кәсіпкер еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады, деп хабарлайды beksports.kz.

Бұл туралы Азамат Дәулетбеков Sport+ арнасына берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін өз көлігім болмаған, бұл бірінші көлігім. «Асылтас» қоғамдық қорының, TAS Group компаниялар тобының басшысы Дулат Тастекей ағамыз үлкен сый жасады. Өте қуаныштымыз. Спортшыларға ғана емес, өте көп адамға көмек көрсетіп жатыр. Үлкен алғысымды білдіремін, — дейді спортшы.

Бұған дейін кәсіпкер еліміздің намысымын қорғайтын спортшыға темір тұлпар мінгізген болатын.

Азамат Дәулетбек бауырымыз тамыз айында Париж олимпиадасында қазақтың намысын қорғайды. Лицензия бар, қалтада, — дейді Дулат Тастекеев.

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Redaktor

Отандық балуандар әлем чемпионатынан жеті медальмен оралды

Redaktor

Отандық танымал бапкер Сәкен Бибосыновтың әділетсіз әлем чемпионы атанғанын айтты

Redaktor

Пікір жазу