Beksports спорт порталы
Жаңалықтар

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

TAS Group амбассадоры, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды beksports.kz.

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды — 6:3, 6:7 (5:7), 6:1).

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтып, 6:3, 6:1 нәтижесін тіркеді.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдошылар Францияда соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Redaktor

Қазақстан балуандары Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Redaktor

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

Redaktor