Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Астаналық шахматшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астана қалалық әкімдігі

Белград (Сербия) қаласында 25 маусым күні басталған есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатына 30 елден 128 спортшы қатысып жатыр.

Астана әкімдігінің мәліметінше, аталған додада елордалық Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар осал емес. Дегенмен «еңбек бәрін жеңбек»! Дейтұрғанмен жарыс әлі аяқталған жоқ. Ел намысын қолдан бермей, жаңа жеңіске ұмтылатын боламын, — дейді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Қожахметов.

Айта кетсек, байрақты бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионатында қазақстандық алты боксшы жартылай финалға өтті

Redaktor

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

Redaktor

Қазақстан Өзбекстаннан екі рет жеңілген бапкерді қызметінен алып тастайтын болды

Redaktor

Пікір жазу