Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан командасы Алматы облысында дайындалуда

Дзюдодан Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы облысында дайындалуда. Бұл туралы команданың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

«Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Қазіргі таңда құрама Испаниядан елге аман-есен оралып, Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Жаттығу жиыны 17 шілдеге дейіін жалғасады. Ұлттық құрама жазғы Олимпиада ойындарына осы жерден аттанады», — деді Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан сынға түседі.

Ұқсас жаңалықтар

АГМП кубогы: тау-кен металлургтері жасыл алаңда доп тебеді

Redaktor

Елена Рыбакина қатарынан екінші турнирде жеңілді

Redaktor

Бибісара Асаубаева қатысқан шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Redaktor