Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Анна Данилина Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды beksports.kz.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева бастапқы кездесуін чехиялық Анастасия Децюк — нидерландылық Бибиана Схоофспен сәтті өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті — 6:2, 6:1.

Бір сағатқа созылған кездесуде екеуі 8 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Децюк — Схоофс 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

А.Данилина — И.Хромачеваның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Тағы бір қазақстандық, жұптық сында рейтингіде 140-орында тұрған Жібек Құламбаева қытайлық Шуо Фэнмен бірге Палермо (Италия) WTA 250 додасының алғашқы айналымында сүрініп, ширек финалға өте алмады.

Олар швейцариялық Конни Перрен — америкалық Куинн Глисонға жол берді — 1:6, 6:7 (1:7). Бұл бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» 10 адаммен ойнаған Грузия клубын жеңе алмай ұятқа қалды

Redaktor

Өзбекстан Азия жасөспірімдер ойындарының жүлдегерлерін қаржылай марапаттады

Redaktor

Нұрәлі Әліп шаш еккізгенін айтты

Redaktor