Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына қатысатын болды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

«Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын.

Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады»,  — дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында.

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

Redaktor

Хоккейден Қазақстан командасының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өте алмай қалды

Redaktor