Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Қазақстан балуандары Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетінін жариялады, деп жазады Olympic.kz. 

Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады.

Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ.

Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.

Айта кетелік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі — грек-рим күресінің өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы IBA әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

Redaktor

Шавкат Рахмонов америкалық экс-чемпионмен титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Redaktor

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Redaktor

Пікір жазу