Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Бас бапкер жеңіл атлеттердің Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий  Карпов спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы туралы қысқаша баяндады, деп жазады Olympic.kz. 

«Жазғы ойындар алдындағы соңғы жаттығу жиынын қазақстандық атлеттер Алматы облысында өткізіп жатыр. Олимпиадалық даярлау орталығының базасында толыққанды жаттығуға барлық жағдай жасалған.

Спотшылармен бірге жаттықтырушылар, физиотерапевт пен дәрігер де жиынға қатысуда. Сондай-ақ, атлеттер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жаттығу әр бапкердің жеке жоспары бойынша ұйымдастырылуда.

Біздің команда Парижге 29 шілде күні Алматыдан ұшып кетеді. Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына шығуға және жүлде алуға ұмтылу», — деді Карпов.

Ұқсас жаңалықтар

Суперкомпьютер Еуро-2024 турнирінің жаңа фаворитін атады

admin_beksports

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Redaktor

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына қатысатын болды

Redaktor

Пікір жазу