Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ҚР ҰОК

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық  спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған.

Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Айта кетелік, Самарқандтағы әлем біріншілігінде жалпы есебі 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Барыс» Ресейдің ортаңқол командасынан оңбай жеңілді

Redaktor

Өзбекстан тағы бір ірі спорттық жарысты қабылдауға дайындалып жатыр

Redaktor

Көп легионер әкелсе 40 млн теңге төлейді

Redaktor

Пікір жазу