Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

АТР: қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.

Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.

Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.

Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото: Владислав Семенов

Ұқсас жаңалықтар

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Redaktor

Странджа кубогында қазақстандық боксшылар Өзбекстаннан қалып қойды

Redaktor

«Осы құртты». Шавкат Өтемұратовтың баласымен бірге жүрем деп сынға ұшырады

Redaktor