Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

Олимпиадаға іріктеу: хоккейден Қазақстан құрамасы Австрияны ұтты

ҚР ҰОК

Шайбалы хоккейден Словакияның  Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Olympic.kz. 

D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді.

Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді.

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды.

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді.

Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп — 2:1.

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті.

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші  матчта Словакияға қарсы ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шықпақ болған шорт-трекші Миланда ұятқа қалды

Redaktor

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

Redaktor

Қазақстандық теннисшілер ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты

Redaktor