Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарХоккей

Никита Михайлис ҚХЛ-де 500 матч өткізді

Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші ойынын өткізді. Магнитогорсктің «Металлург» клубында ойнайтын отандасымыз соңғы матчта «Нефтехимике» қарсы айдынға шығып, ұпай ала алмады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Жалпы, Михайлис 500 матчта 265 (120+145) ұпай жинаған. 89 матчты «Металлург» сапында ойнап, ресейлік команда үшін 44 (21+23) ұпай еншіледі.

Никита Михайлис ұзақ уақыт «Барыста» өнер көрсетті. ҚХЛ-дегі дебюттік ойынын да осы клубта бастаған. Алғашқы матчта Астанада «Салават Юлаевқа» қарсы ойнап, командасымен бірге жеңіске жетті, есеп – 5:4.

Айта кету керек, қазақстандық шабуылшы былтыр «Металлург» сапында Гагарин кубоігінің иегері, яғни ҚХЛ чемпионы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Redaktor

Қайрат Сатыбалдының қайын атасы Түркияда жүр

Redaktor

Португалия мен Өзбекстан құрамасы арасындағы матчтың қашан өтетіні белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу