Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстанның бес дүркін чемпионы Бірінші лигаға жолдама алды

Павлодарлық «Ертіс» Екінші лиганың 22-ші турында «Қызылжар» жастар командасын 3:0 есебімен жеңіп, «Солтүстік-Шығыс» конференциясында чемпион атанды.

Осы маусымда Қазақстанның бес дүркін чемпионы 18 жеңіске жетті, 2 рет тең ойнады және 2 рет жеңілді.

Барлық өткізілген матчтардың қорытындысы бойынша Николай Гавриштің командасы 56 ұпай жинап, қарсыластар қақпасына 70 доп соқты. Команданың шабуылшысы Арман Смаилов 19 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Ұқсас жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына СҚО-дан екі сәйгүлік қосылады

Redaktor

Бүгін Жапонияда Grand Slam турнирі басталады

Redaktor

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Семейден» басым түсті

Redaktor