Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама алды

UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық ММА шебері Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең мықты промоушенге қосылғанын ресми хабарлады.

Dana White’s Contender Series турнирінің қорытындысы бойынша Уайт пен жүргізуші Лаура Санко UFC ростерін толықтырған спортшылардың аттарын атады. Дияр Нұрғожай бұл аламанда қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберген болатын. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз поляк Бартош Шевчукті «хайкик» соққысымен теуіп сұлатып салды.

«Бастан керемет соққы. Рекорд 10-0, 27 жастк, алты нокаут, екі сабмишен. Жартылай ауыр салмақ дивизионы мықты спортшымен толықты. Мұнда кел», — деді Дана Уайт.

«Дияр Нұрғожай, UFC-ге қош келдің!», — деп қосты Лаура Санко.

Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де  елімізден бес спортшы бар. Нұрғожайдан бөлек, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм мен Николай Веретенников төбелесіп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ-дың екінші туры қалай өтті?

Redaktor

Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Redaktor

«Ордабасы» тағы жеңілді

Redaktor

Пікір жазу