Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

ҚР ҰОК

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған.

Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды.

Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде ескірген футбол алаңы жаңғыртылды

Redaktor

Абылайхан Жұбаназар Парижде жүлдегер атанды

Redaktor

Волейболшы жастар арасында үздіктер анықталды

admin_beksports