Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Ұзақ үзілістен соң кортқа оралған Елена Рыбакина жеңіліс тапты

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA Қорытынды турнирі өтіп жатыр. Топтық кезеңнің бірінші турының матчында қазақстандық Елена Рыбакина италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.
Негізі бұл ойында Рыбакина фаворит болған, алайда қарсыластың мерейі үстем түсті. Бірінші сетте екі теннисші де тең ойын өрнегін көрсетті. Есеп 3:2 болып тұрған сәтте Паолини брейк-поинтты жүзеге асырса, келесі кезеңде қазақстандық оған брейкпен жауап қатты. Сет жеңімпазы тек тай-брейкте анықталып, Паолини есепте алға шықты.
Екінші партия да тең өрбіп жатқан, өкінішке қарай, Елена өз соққысында қателік жіберіп, Паолиниге брейк жасауға мүмкіндік беріп қойды. Осылайша, екі сет қорытындысы бойынша италиялық спортшы жеңіске жетті — 6:7, 4:6.
Топтық кезең аясында Елена Рыбакина енді белорус Арина Соболенкомен (1-орын) және қытайлық Чжэн Циньвэньмен (7-орын) өзара кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Рыбакина тамыз айының соңынан бері кортқа шыққан жоқ. Естеріңізде болса, ол АҚШ Ашық біріншілігінде денсаулығына байланысты бірінші айналымнан соң-ақ жарысты жалғастырудан бас тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ боксшыларын Головкиннің бапкері дайындайды

Redaktor

Ақтауда дзюдодан Азия Кубогі өтеді

Redaktor

«Барыс» қатарынан екінші жеңіске жетті

Redaktor

Пікір жазу