Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан ФИФА рейтингінде төмен сырғыды

Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы қарашада Ұлттар лигасы аясында өткен матчтардан кейін ФИФА рейтингінде төмендеді.

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы үш сатыға төмендеп, 110-орынға жайғасты. Аргентина көш басында қалса, екінші Франция, үшінші Испания тұр.

Еске салсақ, қарашада Қазақстан құрамасы екі рет жеңіліске ұшырады. Алдымен өз алаңында Аустрияға (0:2), кейін сырт алаңда Норвегияға (0:5) есе жіберді.

28 қарашада жаңартылған ФИФА рейтингі:

1. Аргентина – 1867,25 ұпай;

2. Франция – 1859,78;

3. Испания – 1853,27;

4. Англия – 1813,81;

5. Бразилия – 1775,85;

6. Португалия – 1756,12;

7. Нидерланд – 1747,55;

8. Бельгия – 1740,62;

9. Италия – 1731,51;

10. Германия – 1703,79…

110. Қазақстан – 1180,18.

Ұқсас жаңалықтар

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды

Redaktor

Жәмилә Бақбергенова UWW Әлемдік рейтингінде үздік үштікке енді

Redaktor

Пікір жазу