Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Ертуған Зейнуллинов күтпеген жерден жүлдегер болып шыға келді

азақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновке 2022 жылғы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарының қола жүлдесі табысталды. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз ол кезде жартылай финалда моңғол боксшысынан жеңілген болатын.

Ұйымдастырушылардың мұндай шешім қабылдауына Ертуғанды жеңген моңғол боксшысы Баатарсүх Чинзоригтің ағзасынан допингтің табылуы себеп болып отыр. Оның жүлдесі Зейнуллиновке берілсе, өзі 4 жылға спорттан шеттетілді.

Осылайша, Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов ресми түрде 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік Халықаралық антидопинг агенттігі Азия ойындарында доппинг дауына қатысты 16 спортшының тізімі жарияланған. Олардың қатарында Ауғанстандық боксшы Mohammed Khaibar Nooristani да бар.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға 3 бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor

Сенсациямен аяқталған Алматыдағы бокс кеші қалай өтті

Redaktor

Ресей футболы ФИФА мен УЕФА-ға оралатын болды

Redaktor