Beksports спорт порталы
БоксДзюдоЖаңалықтарММАСараптамаСұхбатХоккей

Данияр Елеусінов рингке ақпан айында шығады

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 КО) шаршы алаңға оралатын күні анықталды. Атап айтқанда, 28 ақпанда Астанада All stars boxing проуметрлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде даңқты боксшы басты жекпе-жекте өнер көрсетеді.

Дегенмен, Даниярдың қарсыласы әлі анықталмаған. Промоутерлер қазіргі таңда оған лайықты боксшы іздеуде.

Елеусінов кәсіби бокстағы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 28 қыркүйегінде өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген еді. Осы жеңістен кейін Данияр BoxRec рейтингінде ТОП-15 қатарына қосылды және WBC Peace белбеуін иеленді.

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Ұқсас жаңалықтар

Төрехан Сабырхан Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Redaktor

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Redaktor

Nate Solder’s improved play one silver lining from Patriots

admin_beksports

Пікір жазу