Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан – Солтүстік Корея матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүрген футболдан Қазақстан құрамасы 17 ақпанда Солтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирден көре алады.

Еске салайық, қаңтар айының соңында ұлттық құраманы баптаған Станислав Черчесов отставкаға кетіп, оның орнына уақытша Әли Әлиев тағайындалған болатын. Отандық маман ұлттық құрамада жалқауларға орын болмайтынын, жастарға көбірек мүмкіндік беретінін айтқан еді. Күні кеше Әлиев шәкірттері ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Ал, Солтүстік Кореямен болатын ойын 17 ақпанға кешкі сағат 19:00-ге (Астана уақытымен) жоспарланған. Матчты «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Наурызда Қазақстан құрамасы алдымен Уэльспен, артынша Лихтенштейнмен кездесу өткізеді. Осы ойындардан кейін бас бапкер мәселесі де шешілмек.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

Легионерлер кетсе, қазақ футболы құриды — Самат Смақов

Redaktor

Антикорды басқарған Алик Шпекбаев спорт федерациясының президенті болды

Redaktor

«Батырымыз мәңгі жүрегімізде»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасымен жолықты (ВИДЕО)

Redaktor