Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Сәкен Бибосынов өзбекстандық Дусматовты жеңді

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Коротков атындағы турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов финалға шықты.

Отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Фарезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті. Енді ол финалда Ресей боксшысы Денис Палшинмен кездеседі.

Айта кетейік, Фарезбек екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі. Ағайынды өзбек боксшылардың екеуі де осы жарысқа келген. Ширек финалда жолдары түйісіп қалған соң, Хасанбой інісіне жол берген болатын.

Бұған дейін қазақ-өзбек жанкүйерлерінің бәрі байырғы қарсыластар Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов арасындағы жекпе-жекті күткен еді. Алайда, бұл жолы екі «жұлдыздың» жолы түйіспеді.

Еске салсақ, Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, төрешілер шешімімен өзбек жеңіске жеткен еді.

Фото: olympic.kz

Ұқсас жаңалықтар

Марат Омаров УЕФА президентімен кездесті

Redaktor

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығуда

Redaktor

Қазақ баласы Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Redaktor

Пікір жазу