Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Спорт журналистері арасында турнир өтті

23 сәуір күні, Қазақстан футболы күні қарсаңында, Қазақстан футбол федерациясы спорт журналистері арасында дәстүрлі футбол турнирін ұйымдастырды.
Турнирге ел футболының дамуын тұрақты түрде жазып жүрген спорттық бағыттағы журналистерден құралған төрт команда қатысты.

Бәсеке «Төрттік финал» форматында өтті. Чемпиондық атақ үшін өткен шешуші ойын тартысты өрбіп, жеңімпаз тек матч соңындағы пенальти сериясында анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров пен бас хатшы Давид Лория қатысты.

Федерация басшылығы журналистерді алда келе жатқан мерекемен құттықтап, отандық футболды дамытуға қосып жатқан үлестері мен жан-жақты ақпараттық қолдаулары үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Ерасыл Қажыбаевқа Grand Slam-да қола жүлде бұйырды

Redaktor

Асланбек Шымбергенов: Олимпиада алтынын алуға бар күшімді саламын

Redaktor

Алматыда күрестен U17 және U20 бойынша ел чемпионаты өтеді

Redaktor

Пікір жазу