Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстандық футболшылардың жалақысы көтерілмек

Легионерлерге қатысты жаңа заң қабылданған соң, қазақ футболшыларының жағдайлары жақсара бастаған. Енді оларға сұраныс артып, айлықтары көтерілген.

Комментатор Ермұхаммед Мәулен «Aladop» YouTube арнасына жасаған шолуында келер жылдан бастап қазақстандық футболшылары қалтасы қампаятынын айтты.

Жаңа заңға сәйкес, жаңа келісімшарт жасайтын шетелдік легионерлердің еңбекақысы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар тарапынан қаржыландырылмайды.

2026 жылдан бастап легионерлерге жалақы төлеу – клубтарға үлкен салмақ болады. Сондықтан да қазақстандық төлқұжаттағы футболшылардың заманы туады. Қазір олардың айлығы шамамен 1,8–2,2 миллион теңге көлемінде, яғни ең төменгі деңгейде. Бірақ 2026 жылдың ақпан айынан бастап бұл сома 6–7 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – отандық футболшылар үшін нағыз бақытты кезеңнің бастауы, — дейді Ермұхамед Мәулен.

«Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, шетелдік футболшыларға мемлекеттік бюджеттен немесе квазимемлекеттік сектор арқылы жалақы төлеуге қатаң тыйым салынады.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

«Алматы» шабуылшысын қайтарып алды

Redaktor

Сметов жеңе алмаған жапонның танымал дзюдошысы үлкен спортқа оралады

Redaktor

2024 жылғы Олимпиадада отандық бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Redaktor

Пікір жазу