Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Ордабасы» 10 адаммен ойнаған Грузия клубын жеңе алмай ұятқа қалды

globalnews.kz

Шымкенттің «Ордабасы» клубы еурокубок ойындарымен қоштасты. Бүгін UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтында  Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасын жеңе алмады.

Шымкенттегі ойында жанкүйерлер көптеп жиналды. Жергілікті командаға барынша қолдау көрсетті. Алаң иелері алғашқы минуттан шабуылдағанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. есесіне, «Торпедо» 13 минутта есеп ашты. Ираклий Бидзинашвилидің алыстан тепкен добын Челядник қайтара алмады.

кінші кезеңде грузиялық командадан Соломон Кверквелия 49-минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Соған қарамастан «Торпедо» тоқсаныншы минутқа дейін басымдықты сақтап тұрды. Ойынның 95-минутында «Ордабасы» сапынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірген еді. Бұдан әріге Шымкент командасының шамасы жеткен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «Торпедо» келесі кезеңге өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ӘЧ іріктеуіндегі сенсация: Португалия Ирландиядан ұтылды, Роналду алаңнан қуылды

Redaktor

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты

Redaktor

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Redaktor

Пікір жазу