Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан жастар құрамасы Андоррадан ұтылып, масқара жеңіліске ұшырады

Фото: Kff.kz

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі футболшылар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясындағы сырт алаңдағы ойында Андорра командасынан ұтылды.

Матч Андоррада өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 67-минутта бұрыштамадан кейін Марк Родригес соқты. Бұған дейін бірінші таймда Андорра ойыншылары Дулат Талыспаев қорғаған қақпаның маңдайшасын шайқалтқан болатын.

Ойын статистикасы бойынша да Қазақстан айқын жеңілді:

  • соққылар — 18:7,

  • қақпаға тура соққылар — 5:3,

  • бұрыштамалар — 10:3,

  • қақпа бағанасы — 1:0.

Айта кетейік, Андорраның жастар құрамасы соңғы рет 2019 жылдың 19 қарашасында Түркия U-21 командасын 2:0 есебімен ұтқан еді.

Үш матч қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Қазір олар D тобында бесінші орында, өзінен төмен тек Андорра болған еді — енді қарсылас сол көрсеткішті жақсартты.

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу циклін Андорраны 1:0 есебімен жеңіп бастаған, кейін Англиядан 0:2 есебімен ұтылған болатын. Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі 2026 жылдың қазан айына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

Кәсіпкер Дулат Тастекей Әбиба Әбужақыноваға стипендия беруді ұсынды

Redaktor

Ризабек Айтмұқан Албанияда әлем чемпионатының финалына шықты

Redaktor

Пікір жазу