Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды

әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы үш белбеу үшін өтетін тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.

Бұл жаңалықты боксшының менеджері Берік Сұлтанов растады.

«Ассалаумағалейкум, құрметті Qazaq Style жанкүйерлері! Біз қазақ жанкүйерлері асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл кездесу орта салмақ дәрежесін дүр сілкіндіреді. Алла қаласа, алдағы күндері промоутерлік компания ресми түрде жариялайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр», – деді Сұлтанов.

Менеджердің айтуынша, Әлімханұлы командасы орта салмақтағы төрт негізгі белбеуді біріктіруді мақсат еткен.

«Біз жолдың жартысына жеттік. Егер бәрі сәтті болса, тарих жасаймыз. Еңбегіміздің нәтижесін көруге аз қалды», – деп қосты ол.

Ресми мәліметке сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жұдырықтасады. Бұл кездесу WBO, IBF және WBA титулдарын біріктіру үшін өтпек.

BoxingScene дерегінше, айқас 6 желтоқсанда Сан-Антонио (Техас, АҚШ) қаласында өтеді. Бұл бокс кешінде басты оқиға ретінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Круз арасындағы жекпе-жек те жоспарланған.

Аталған шоу Premier Boxing Champions (PBC) ұйымының ұйымдастыруымен өтеді. Бұл Лараның командасы. Ал Жәнібек үшін бұл — жаңа тәжірибе: ол алғаш рет бұрынғы Top Rank компаниясынан тыс рингке шығады.

Келісімшарт толық рәсімделсе, бұл айқас Жәнібек Әлімханұлының мансабындағы ең маңызды және тарихи жекпе-жектердің бірі болмақ. Қазақстандық чемпион төрт белбеудің иесі атануға тағы бір қадам жасайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» «Олимпиакоспен» ойын алдында жанкүйерлерін қуантты

Redaktor

Қазақстан құрамасының жаңа турнирдегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Қазақстан, Өзбекстан, Ресей: Бокстан әлем чемпионатындағы финалистер саны бойынша көшбасшы ел анықталды

Redaktor