Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы: Нағыз чемпион төрт белбеудің бәрін иеленуі керек

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындық барысында өз мақсатын жария етті.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Нағыз чемпион төрт титулдың бәрін иеленуге ұмтылуы керек! Егер сенде тек бір немесе екі белбеу болса, демек сенің салмағыңда өзге чемпиондар бар деген сөз. Чемпион ешқандай титулды өзгеге қалдырмай, барлығын жинауға тырысуы керек. Менің ұстанымым осы!» — деп жазды.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Kazakh style лақап атымен танылған Жәнібек 6 желтоқсанда кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасып, WBA белбеуін жеңіп алуға ниетті.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттығу өткізіп жатыр. Ол бұл айқаста жеңіске жететініне толық сенімді екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда күрес федерациясының жылдық конференциясы өтіп жатыр

Redaktor

Қазақстанның бес дүркін чемпионы Бірінші лигаға жолдама алды

Redaktor

Еркебұлан Тоқтар жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер үш жылға қамалды

Redaktor