Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мөлдір Әуелбекова: Енді байға тимеймін

ашық дереккөз

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің жеке өміріне қатысты маңызды шешім қабылдағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Ғажайып кештен естелік! Осы кеште Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: «Енді тұрмыс құрмаймын! Екі балам да өсіп қалды! », – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөзіне түрлі пікір білдірді. Көпшілігі Мөлдірді мұндай шешімнен қайтуға шақырды.

«Қатты кетпе. Ат баспаймын деген жерін жүз басады. Аллам ойыңды өзгертетін мықты азамат жолықсын», — деп жазды бір оқырман.

«Ойыңды 360 градусқа өзгертетін нағыз ер адам жолықса, тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың», — деді тағы бірі.

«Дұрыс, баяғыда солай жасау керек еді», – деп қолдағандар да табылды.

«Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған»,–деп пікір қалдырды басқа қолданушылар.

«Мөлдір, айналайын, олай кесіп айтпа, Алла біледі», – деп жазды тағы бір жанкүйер.

Еске сала кетсек

Мөлдір Әуелбекова – қазақ эстранасының танымал әншісі, продюсер, бірнеше жыл бойы сахнада табысты өнер көрсетіп келе жатқан тұлға. Ол бұрын да жеке өмірі мен аналық міндетін қатар алып жүргенін айтып келген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Абай: Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені

Redaktor

Амилай қысым көргенін айтып, Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді

Redaktor

Мөлдір Мұқан «Қорқыт–қобыз» әнін орындап, жұрттың сынына қалды

Redaktor

Пікір жазу