Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жұлдыздың аяқ-қолын кісендеген жоқпын – Гүлзира Айдарбекова

Фото: ашық дереккөз

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап берді.

Желі қолданушылары Жұлдызды іздеді

Продюсердің жұбайы — белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Құдайберген Айдарбековтің 60 жылдық мерейтойы жақында өткен болатын. Алайда тойдан тараған бейнежазбалар мен фотоларда Жұлдыз Әбдікәрімова көрінбеген.

Бұл жайт желі қолданушыларының назарын аударды. Олар түрлі пікірлер қалдырды:

«Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген»,

«10 жыл бойы үйде отырғызып қойған келініңіздің тойға келмегені қызық екен»,

«Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мұндай тойларға келе бермейтін шығар»,

«Балаларын ғана жіберіпті», «Қайрат әлсіз болып тұр».

Гүлзира Айдарбекованың жауабы

Продюсер оқырмандардың сынына бей-жай қарамай, өз парақшасында жауап берді.

«Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса, аяқ-қолын кісендеп 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден жүз есе дұрыс өмір сүріп жатқан шығар, қайдан білесіз?
Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын — бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымдамаңыз. Сіз министрлер мен президенттердің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға “әйелдеріңді неге шығармайсыңдар?” деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге? Менің келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз? Елестетіп көріңіз!» — деп жауап қатты Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова — белгілі продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы. Ал оның келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова — отандық кинода және тележобаларда танымал есім. Жұлдыз соңғы жылдары жеке өмірін жария етуден бас тартып, шығармашылықпен айналысып жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Амилай қысым көргенін айтып, Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің әйелі келінімен болған жағдайды айтты

Redaktor

Алтынай Жорабаеваның аяқ астынан қалай 37 келі тастағаны белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу