Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дастан да, Заруцкий де сыйлыққа лайық: «Қайрат» футболшыларға сыйлық беруге қатысты жаңа тәртіп енгізді

vesti.kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубы ойыншыларға сыйлық немесе демеушілік сый тарту тәртібіне қатысты жаңа ішкі ереже енгізді. Бұл шешім Чемпиондар лигасындағы матчтардан кейін жас қақпашы Шерхан Қалмырзаға берілген қымбат сыйлықтан соң қабылданды.

Бұған дейін 18 жастағы Шерхан Қалмырза «Спортинг» (1:4) және «Реал» (0:5) командаларына қарсы өткен ойындардағы сенімді ойыны үшін кәсіпкерлерден Exceed маркалы көлік сыйға алған болатын. Сондай-ақ қақпашы Темірлан Анарбековке де демеушілер тарапынан көлік берілген еді.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыға түсті. Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мұндай жеке марапаттаулардың командалық рухқа кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Клуб иесі Қайрат Боранбаевтың айтуынша, осы жайттан кейін футболшылармен арнайы түсіндіру кездесуі өткізілген:

Біз ойыншылармен сөйлесіп, мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірдік. Қай жағдайда да жеңіс – командалық еңбек. Егер бір ойыншы сыйлық алса, онда Дастанға да, Мартыновичке де, Громыко мен Заруцкийге де лайық деуге болады. Әрине, біз жеке сыйлықтарға тыйым сала алмаймыз, бірақ енді мұндай мәселелер клуб арқылы реттелуі керек деген шешім қабылдадық, – деді Боранбаев.

Осылайша, «Қайрат» клубы алдағы уақытта ойыншыларға жеке сыйлық, демеушілік сый тарту және марапаттау рәсімдерін толық клуб бақылауына алмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жастар құрамасы Андоррадан ұтылып, масқара жеңіліске ұшырады

Redaktor

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қалай және қайда өтеді

Redaktor

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды

Redaktor

Пікір жазу