Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстан Өзбекстаннан екі рет жеңілген бапкерді қызметінен алып тастайтын болды

Қазақстанның жастар құрамасының (U-21) бас бапкері Денис Мамонов қызметінен босатылады.
Мамоновтың басшылығымен қазақстандық футболшылар төрт кездесуде қатарынан жеңіліп қалды. Еуро-2027 іріктеу кезеңінде команда Англиядан (0:2) және Андоррадан (0:1) ұтылса, Өзбекстан құрамасымен өткен екі жолдастық ойында (0:1, 1:3) жеңіліске ұшырады.

Аталған кездесулер Ташкент облысындағы «Достық» стадионында өтті және олар қазан айындағы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы болды.

Алдағы Словакия және Молдоваға қарсы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жастар құрамасын басқа отандық маман жаттықтырады деп күтілуде.

Айта кетсек, Денис Мамонов бұған дейін «Жетісу» және «Қайрат» клубтарының жүйесінде, сондай-ақ Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларында қызмет атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Redaktor

Демеу Жадыраевтың бапкерлікке кеткені дұрыс шығар: Юрий Мельниченко

Redaktor

«Қайсар» Түркияда легионерлерімен қош айтысты

Redaktor

Пікір жазу