Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Өтемұратов Димашқа теннис туралы ән жаздыруы мүмкін

ҚТФ

14 қазан күні Димаш Құдайберген Almaty Arena сахнасында көрермендерді тәнті етті. Әнші Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының туындыларын орындап, сонымен қатар өзінің жаңа композициясы – «Самғау» әнін алғаш рет ұсынды.

Концерт Almaty Open ATP 250 халықаралық турнирінің мәдени бағдарламасы аясында өтті. Бұл жарыс спорттық дода ғана емес, әйгілі әртістердің қатысуымен өтетін ерекше мәдени шараға айналған.

Кеш барысында жүргізушілер Димаштан турнирді қадағалап жүрген-жүрмегенін сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқандықтан және оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, мүмкіндігінше қарап, қолдау көрсетуге тырысамын. Әрине, өзімді аса қызу жанкүйермін деп айта алмаймын, бірақ үнемі болмаса да, теннисті тамашалауға уақыт табамын.

Сұхбат барысында әнші теннис ракеткасын да қолына ұстап көргенін әзілмен айтты:

Әрине, ұстағанмын, – деп жымиып жауап берді Димаш.

Ал отандық теннисшілер арасынан кімді ерекше қолдайтыны жайлы сұраққа ол:

 

«Барлығына бірдей жанкүйермін. Қазақстанның туын көтеріп шыққан әр спортшы мен үшін қымбат», – деп жауап берді.

Теннис туралы ән жазу жоспары бар ма деген сауалға:

Шынымды айтсам, әзірге ондай жоспар жоқ. Бірақ болашақта бәрі мүмкін, көре жатармыз, – деді Димаш.

Айта кетейік, Almaty Open ATP 250 турнирі Қазақстан теннисі федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен ұйымдастырылған. Сондықтан ел арасында әзілмен «Өтемұратов Димашқа теннис туралы ән жаздыруы мүмкін» деген пікір тарады.

Кім біледі, мүмкін жақын болашақта теннис пен музыка тоғысқан жаңа хит жарық көрер.

Ұқсас жаңалықтар

Рахмонов жеңіліп көрмеген ирландиялықпен жекпе-жекке келісті

Redaktor

Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді

Redaktor

Шайдоров төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Redaktor

Пікір жазу