Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарХоккей

Қазақ тілін үйренуден бас тартқан бапкердің командасы тағы да оңбай жеңілді

Баррыс хоккей клубы

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елорданың «Барыс» хоккей клубы өз алаңында кезекті ойынын өткізіп, қарсыласына буллиттер сериясында есе жіберді.

Ресейдің Сибирь клубымен өткен кездесудің бірінші кезеңінде «Барыс» сенімді ойын көрсетіп, екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. 11-минутта Данияр Самат есеп ашса, 16-минутта Тайс Томпсон басымдықты арттырды — 2:0.

Алайда екінші кезеңде ойын барысы түбегейлі өзгеріп кетті. Қонақтар үш шайба салып, таразы басын өз пайдасына бұрды. 29-минутта Владимир Ткачев есеп айырмасын қысқартса, 34-минутта Владислав Кара таразы басын теңестірді. 35-минутта Скотт Уилсон «Сібірді» алға шығарды — 2:3.

Үшінші кезеңде «Барыс» есепті қайта теңестірді. 44-минутта Райли Уолштың дәл соққысы нәтиже беріп, есеп 3:3 болды. Овертаймда қос команда да шайба соға алмады. Ал буллиттер сериясында жеңіс қонақтарға бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан премьер-лигасының дебютанты «Ұлытау» және Жезқазған футболы туралы не білеміз?

Redaktor

Нурмагомедовты нокдаунға түсірген қазақ UFC-дегі чемпиондық туралы ресми мәлімдеме жасады

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor

Пікір жазу