Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Амилай қысым көргенін айтып, Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді

Фото: instagram.com/amilai_vip

Әлеуметтік желілерде атышулы трансгендер Амилай қайтадан көпшіліктің талқысына түсті.

Оның айтуынша, белгісіз адамдар соңғы уақытта артынан аңду ұйымдастырған. Осы жағдайдан кейін ол қауіпсіздігі үшін Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған.

«Бұл видео осы жерде қалсын, менің қауіпсіздігім үшін! Егер мен жоғалып кетсем немесе маған бірдеңе болса, кімнің кінәлі екенін біліңдер. Мен бәрін білемін — қай жерде жұмыс істейтініңді, әйелің мен балаларыңның кім екенін де. Бұл ақпарат менде және достарымда бар. Маған бірдеңе болса, солар оны жариялайды», — деп жазды Амилай әлеуметтік желіде.

Ол шетелде жүргенін және қауіпсіздік мақсатында қонақүйлерін жиі ауыстыруға мәжбүр екенін де айтты.

Қазіргі таңда Амилайдың мәлімдемесіне қатысты ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

«Төрт рет үйлендім, ұлдарымның өлімін өзімнен көремін». Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде айтқандары

Redaktor

Тұрсын Алагөзов енді 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейді

Redaktor

Қайратқа демалу керек – Медеу Арынбаев

Redaktor