Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақтар қатысқан турнирде ресейлік спортшы жеңіске жетті

ҚТФ

Almaty Open ATP 250 турнирінің жекелей сында финалда әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев пен әлемдік рейтингтің 41-орнындағы Корентен Муте кездесіп, чемпион атағы үшін тартысты ойын өткізді.

Бірінші партияда ресейлік теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Муте басым түсіп, таразы басын теңестірді — 6:4. Алайда шешуші сәтте Медведев мықтылығын көрсетіп, үшінші партияны 6:3 есебімен өз пайдасына шешті.

Осылайша, ол өз мансабында ATP турнирлерінде 40 рет финалға шығып, 21-ші титулын жеңіп алды. Соңғы рет Медведев 2023 жылдың мамырында чемпион атанған болатын.

Кейде өз ойыныма көңілім толмай қалады. Бірақ жеңіс бәрін ұмыттырады. Бұл жолы шешуші сәттерде жақсы ойнадым. Әсіресе, соңғы гейм ерекше әсер қалдырды. 21 қалада 21 трофей иеленіп отырмын — бұл мен үшін үлкен жетістік, — деді Медведев матчтан кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, турнирге отандық теннисшілерден Әмір Омарханов, Михаил Кукушкин, Александр Шевченко, Тимофей Скатоов, Бейбіт Жұқаев қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

admin_beksports

Әмір Омарханов алғаш рет АТР рейтингіне енді

Redaktor

Футзал: Өзбекстан әлем чемпионатына қатысатын құрам толық анықталды

Redaktor

Пікір жазу