Ultimate Fighting Championship қазақстандық жартылай орта салмақтағы жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа (19-0) чемпиондық белбеу үшін айқас ұсынды. Оның неге ұзақ уақыт октагонға шықпай жүргенін файтердің менеджері Саят Абдрахманов түсіндірді.
Шавкаттың денсаулығына байланысты қиындықтар болды. Мамыр айында бізге Белал Мухаммадпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты Шавкат ол кезде айқасқа шыға алмады. Қазір ол қалпына келу үстінде, тіпті толыққанды жаттығуларды бастап кетті. Үлкен ықтималдықпен қаңтардың соңы – ақпан айының басында ол жекпе-жекке дайын болады, — деді Саят Абдрахманов YouTube арнасындағы «Ушатайка» бағдарламасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Рахмонов алғаш рет титулдық жекпе-жекті 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізуді жоспарлаған болатын. Ол кезде қарсыласы Белал Мухаммад (24-4) еді. Алайда Мухаммад денсаулығына байланысты айқастан бас тартты. Оның орнына октагонға ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) шығып, Шавкатқа төрешілердің бірауыз шешімімен жеңілді.