Танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали жақында әлеуметтік желіде әкесі жайлы естелігімен бөлісіп, жан тебірентер сөз айтты.
Өнер иесі балалық шағын еске алып, әкесін қатты сағынатынын жеткізді.
«16 жылдан бері әкесіз өсіп келе жатқан қыздардың қатарынанмын. 14 жасымда әкем о дүниелік болды. Бұл фильм маған қатты әсер етті. Егер уақытты артқа қайтарып, ата-анамды құтқарып қалуға мүмкіндік болса, барлығын істер едім. Мен де бар күшімді салар едім», — деді көзіне жас алған әнші.
Желі қолданушылары Жұлдыздың жазбасына түрлі пікір білдірді. Бірі әншінің сағынышын түсіністікпен қабылдаса, енді бірі оның отбасылық өміріне қатысты сын айтты.
«Осыған түк жаным ашымайды. Бұл да балаларын әкеден айырды ғой», «Бірінші әйелдің балалары да әкесіз өсіп жатыр», «Сен де Әселдің балаларын әкесіз қалдырдың. Екі баласын тірі жетім қылдың», — деп жазды кейбір желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жарына қолдау білдіріп, оның тұңғыш кітабының жарық көруімен құттықтаған болатын.
Өнер иесінің әкеге деген сағынышқа толы жазбасы желіде кең талқыланып, көпшіліктің жүрегін тебірентті.
@tiger.films.kz Рэкеттер қолынан қаза тапты… 🎬«Назад в 90-ые» фильмі Еліміздің барлық кинотеатрларында! #нетамашалаймыз #рекомендации #назадв90е #fyp #жулдызомиргали ♬ оригинальный звук — Tiger.films.kz