Танымал әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында бұрын жарияланбаған ерекше отбасылық видеосын бөлісті.
Бейнежазбада өнер иесі көптен күткен жүктілігі туралы жаңалығын жолдасы мен жақындарына қалай хабарлағанын көрсеткен. Әншінің жары мен қыздары бұл жаңалықты естіген сәтте қуаныштан көздеріне жас алған.
Сондай-ақ Алтынай Жорабаева бұл қуанышты хабарды туған інісі Талғат Жорабаевқа және оның жұбайына, ата-анасына жеткізген сәтті де көрсетті. Әншінің ата-анасы көздеріне жас алып, қызына ақ тілегін арнаған.
«Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға тән. Аллама сансыз шүкір. Осыдан екі жыл бұрын көптен күткен жаңалығымызды жақындарымызбен бөліскен едік. Алланың қалауымен бүгін Амина Алишерқызына 1 жас толды. Амина қызымыз – қаншама жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан. Сәби күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын!», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, Алтынай Жорабаева 2022 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан. Актриса бұл некеден туған қызы Амина бүгінде 1 жасқа толып отыр.