Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Челси» клубы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

"Қайрат" ФК

Лондондық «Челси» клубы туралы жазатын TheChelseaChronicle.com сайтының мәліметінше, ағылшын командасы қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Стэмфорд Бриджге» ауысуы аяқталған соң, оны бірден жалға беруді жоспарлап отыр.

Қазірдің өзінде «Челсиге» тиесілі саналатын Сәтпаев келесі жылы, 18 жасқа толған соң, Лондонға аттануы тиіс.

Қазақстан футболы тарихындағы рекордтық келісімшартқа қол қойған «Челси» клубы ойыншының келесі маусымда Еуропаның жетекші чемпионаттарының бірінде ойнауға толық дайын болуын көздейді. Клубта Сәтпаевпен жеке жұмыс істейтін маман бар. Ол футболшының шеберлігін жетілдіріп, қазіргі клубында жоғары деңгейде өнер көрсетуіне көмектесіп жүр.

Сәтпаевтың өз әлеуетін дәлелдеуге тағы бірнеше мүмкіндігі бар: ол биылғы Чемпиондар лигасында «Қайрат» сапында «Интер» және «Арсеналға» қарсы ойнайды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында да өзін танытып үлгерді және маусымды жоғары деңгейде аяқтап, «Страсбургке» жалға ауысу мүмкіндігіне ие болуға ниетті, — деп жазады басылым.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» 10 адаммен ойнаған Грузия клубын жеңе алмай ұятқа қалды

Redaktor

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

Ресми: Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайтын болды

Redaktor

Пікір жазу