Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Баян Алагөзовтың күйеуі енді халыққа жыл сайын 100 пәтер сыйлап тұрмақ

Фото: әлеуметтік желі

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің жомарттығы туралы айтты.

«Ол адамдарды қуанта білетін жан»

Продюсердің айтуынша, оның күйеуі жыл сайын өз компаниясында көп жылдан бері еңбек етіп жүрген жұмысшыларын қуантуды дәстүрге айналдырған.

«Тұрсен үнемі мені және шығармашылығымды қолдап келеді. Мен де оған қолдау білдіремін. 100 пәтер сыйлаймын дегенде бірден келістім. Себебі ол пәтерлерді алатын жұмысшылар шынымен лайық еді – олардың кейбірі 20 жылдан бері бір компанияда еңбек етіп келеді. Мен күйеуіме: «Сен жыл сайын 100 пәтер беруге міндеттісің» дедім. Өйткені Құдай саған беріп отыр, ал сен оны адамдармен бөлісуге тиіссің. Мен күйеуіммен мақтанамын және оған күн сайын таңғаламын. Ол таңғалуға лайық адам», – деді Баян Мақсатқызы «Умные люди» бағдарламасына берген сұхбатында.

Баян Мақсатқызы өзі де жиі қайырымдылықпен айналысатынын айтты.

«Ата-анасы жоқ бір қызға үнемі көмектесемін. Өте келбетті, еңбекқор қыз. 120 мың теңге жалақы алады, үй тазалап, еден жуып жүріп ақылы бөлімде оқиды. Ол менен көмек сұраған жоқ, бірақ мен оған қол ұшын бергім келді. Оқуының ақшасын төлеп бердім.Жалпы, қыз болсын, ұл болсын, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамын. Сондай-ақ сал ауруына шалдыққан бір қыздың оқу ақысын да төлеймін – ол өте талантты, сондықтан қолдау білдіремін», – деді продюсер.

Бұған дейін алматылық тұрғындар Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне сыйға тартқан 100 пәтерге қатысты тұрғын үй кешенінің құрылыс сапасына шағымданған болатын.

Дегенмен, кәсіпкердің бұл бастамасы қоғамда кең қолдау тауып, көпшілік оны әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағалаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Жүдеп, әбден әбіржіп кеткен». Сәкен Майғазиевтің жас келіне қатысты ақпарат тарады

Redaktor

Алтынай Жорабаева бұрын еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын жариялады

Redaktor

«Қызымның ұстайтын жері қалмапты»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ашу-ызаға булықты

Redaktor

Пікір жазу