Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желіде отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбын қозғаған видео жариялап, жұртшылықтың назарын өзіне аударды.
Жақында тұңғышын дүниеге әкелуге дайындалып жүрген блогер видеоға:
«Жағдай осындай. Енең мезгілсіз үйге кеп қалғанда», — деп жазба қалдырған.
Бейнежазбада оның бет-әлпетінің көгергені байқалады.
Әлеуметтік желі қолданушылары Сымбаттың бұл әрекетін екі түрлі қабылдады. Көпшілік блогердің әрекетін сынға алып, мұндай тақырыпты әзілге айналдыру дұрыс емес екенін айтты.
Пікір қалдырушылардың арасында:
«Өзің босанайын деп отырып, неге жағымсыз видео түсіресің», «Әжем мұндайды «тәйт әрі» дейтін», «Енесі болып ештеңе айтпағаны қызық екен», «Тренд дегендерің бар болсын», «Тым жақсы отбасы едіңдер, жағымсыз іс-әрекеттерің дұрыс емес», «Ұрып-соғудан Құдай сақтасын», — деген пікірлер жазылды.
Бұған дейін Сымбат енесіне құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын сағат сыйлағаны жайлы жаңалық тараған еді. Бұл әрекеті сол кезде көпшілік тарапынан жылы қабылданған болатын.
Қазір блогердің жариялаған видеосы желіде кеңінен талқыланып жатыр. Сарапшылар мұндай мазмұндағы бейнелердің қоғамда зорлық-зомбылық мәселесіне жеңіл қарауға әкелмеуі тиіс екенін ескертуде.
