Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

«Тағы да жарақат па?»: Елена Рыбакина Токиодағы миллион долларлық турнирді жалғастырудан бас тартты

Фото: x.com/CincyTennis

Әлемнің жетінші, ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-500 санатындағы Токио турнирінің жартылай финалында өнер көрсетуден бас тартты.

Бұған дейін Рыбакина канадалық Виктория Мбоконы жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Келесі кезеңде ол чехиялық Линда Носковамен кездесуі тиіс болатын.

«Өкінішке қарай, бүгін ойнай алмаймын. Бұл аптада арқам ауырып жүрді, сондықтан өзімнің бар мүмкіндігімді толық пайдалана алмаймын. Жанкүйерлерім мені кортта көре алмайтынына қынжыламын, бірақ келесі жылы сіздерді қайта көремін деп үміттенемін», — деді теннисші WTA ресми сайтына берген сұхбатында.

Жартылай финалға дейін жеткен Елена Рыбакина маусымдық финал — WTA Finals турниріне қатысу құқығын иеленді. Ол рейтингтік іріктеуде 18 жастағы ресейлік Мирра Андрееваны артта қалдырып, сегізінші, яғни соңғы жолдаманы жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финал жолдамасын сарапқа салады

Redaktor

Магомед Адиев: «Крылья Советовқа» бару – мансабымдағы ең дұрыс шешім болмады

Redaktor

Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Redaktor