Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Сүйінші! Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан тарихи медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол Усиде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде салды.

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нодира Ахмедова жарысты жартылай финалда аяқтап, үздік үштіктен көрінді. Жартылай финалда ол Қытай Тайбэй спортшысы Ю Юн Люге есе жіберді.

Отандасымыз Нодира Ахмедова бүгін әлем чемпионатында барлығы төрт кездесу өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті.
Жарысқа екінші айналымнан қосылған ол жартылай финалға дейін Бразилия, Канада және Тайланд спортшыларынан басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл — Нодира Ахмедованың кәсіби спорттағы ең үлкен жетістігі және Қазақстан әйелдер таеквондосына әлем чемпионатынан 18 жылдан кейін оралған тарихи медаль. Әйелдер құрамасы бұған дейін соңғы рет 2007 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына өтті

Redaktor

Хоккейші Андрей Шутов словакиялық «Слован» командасына ауысты

Redaktor

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Redaktor

Пікір жазу