Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Садриддин Ахмедовтың болашағына қатысты ресми ақпарат жарияланды

©IG/photosbynancylares

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) 22 қараша күні рингке оралатыны белгілі болды.

Бокс кеші АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтеді. Онда Ахмедов мексикалық нокаутшы Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 KO) жұдырықтасады. Кездесу бірінші орта салмақта өтеді және 10 раундқа жоспарланған.

Бұл Ахмедовтың сәуір айынан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Сол кезде ол АҚШ-тың Коммерс қаласында өткен айқаста мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 KO) тең түскен еді.

Ал Веласкес соңғы рет 2024 жылдың тамызында рингке шыққан. Ол отандасы Хосе де Хесус Адаме-Чиомен (14-0-1, 6 KO) кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда күрес федерациясының жылдық конференциясы өтіп жатыр

Redaktor

Үстел теннисі: Жания Бекмұхамбетова Мысырдағы турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы IBF белдігінен айырылды

Redaktor