Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен суретін жариялады

Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Танымал әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен фотосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды.

Жанар Дұғалова өзінің Instagram парақшасында сәбиін құшағына алған фотосын бөлісті.
Бұл жазба көп ұзамай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушыларының жылы лебізіне бөленді.

«Бауы берік болсын!», «Жанардың тұрмыс құрғанына да, ана атанғанына да шын қуанғандар қатарынанмын», «Балапанның бауы берік болсын!», «Баласы ма? Ол тұрмысқа шығып па еді?», – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Жанар Дұғалованың екі жыл бұрын тұрмысқа шыққаны бұған дейін хабарланған болатын.
Алайда өнер иесі жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстап келген.

Жанармен бірге «КешYOU» тобының құрамында өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаеваның да ана атанғаны туралы ақпарат бұған дейін тараған еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Жанар Дұғалованы шын жүректен құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Майғазиев Ұлықпан Жолдастовтың қызына ұсыныс айтты

Redaktor

«Бай болсам өзім-ақ алып берер едім»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзованы көмектесуге шақырды

Redaktor

«Көретін фильм емес»: Мөлдір Мұқанованың алғашқы картинасы желіде сынға қалды

Redaktor

Пікір жазу