Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жол апатынан кейін Қайраттың көзінде тыртық қалды — Гүлзира Айдарбекова

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова бұған дейін көпшілікке белгісіз болған жайтты айтып, ұлының неліктен көзілдірік тағып жүретінін түсіндірді.

Айтуынша, бірнеше жыл бұрын олар Қытайға ұшуға асығып бара жатқанда ауыр жол апатына түскен. Оқиға салдарынан көлік бүтіндей жапырылып қалған, алайда отбасы аман қалған.

«Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек секілді болды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнек сынықтары денесіне, көзі мен қасының астына қадалып қалды. Сол жерінде тыртық қалды. Сол үшін көзілдірік тағып жүр», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер бұл оқиға «Өкініш» фильмінде көрініс тапқанын да атап өтті.

«Өкініш» фильмінде көліктің аударылған сәтін, өз жағдайымды айнытпай түсірдім. Тіпті телефоныма қол созғанымды да сол күйінде көрсеттім», – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова жақын жылдары күйеуімен балаларынан бөлек тұруды жоспарлап жүргенін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Нұртастың қызы анасының отбасылық өміріне көңілі толмайтынын айтты

Redaktor

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

Мұқасан Шахзадаевқа тықыр таянды: «Нұр-Мұқасан» тобының солисіне тергеу басталды

Redaktor

Пікір жазу