Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

WTA қорытынды турнирі алдында Елена Рыбакинаға қатысты қуанышты хабар тарады

Фото: x.com/CincyTennis

Australian Open-2020 турнирінің жұптық сайысында финалист атанған аустралиялық теннисші Люк Сэвилл Елена Рыбакина маусымның қорытынды кезеңі саналатын WTA финал турнирінде қарсыластарына лайықты қарсылық көрсете алады деп есептейді.

2025 жылғы маусымның соңғы жарысында Рыбакина Ига Швёнтек, Аманда Анисимова және Мэдисон Кизбен бір топқа түсті.

Рыбакина турнирге алтыншы нөмірмен өтті. Меніңше, егер соңғы жарыста жеңіске жетпегенде, ол бұл тізімге енбейтін еді. Бірақ қазір ол нағыз бәсекеге қосылды. Елена жабық корттарда өте қауіпті қарсылас, сондықтан оның ойынын көру қызықты болмақ, – деді Сэвилл The Tennis Podcast-та.

Елена Рыбакина WTA финал турниріндегі алғашқы кездесуін ертең, 1 қараша күні өткізеді. Оның қарсыласы – Аманда Анисимова.

Ұқсас жаңалықтар

Үш команда 7 ұпайдан жинады

Redaktor

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден озды

Redaktor

Өзбекстан Азия жасөспірімдер ойындарының жүлдегерлерін қаржылай марапаттады

Redaktor

Пікір жазу