Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қабатовтың екінші әйеліне қатысты тың деректер шықты

Коллаж: ozgeris.info

Танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бар деген ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Соңғы күндері TikTok пен Telegram арналары арқылы тараған мәліметтерге сүйенсек, ол бойжеткен Қызылорда облысының Бесарық ауылынан шыққан. Кей деректерде ол 1997 жылғы, енді бір мәліметтерде 1993 немесе 1994 жылғы делінген.

Желі қолданушыларының жазуынша, Қабатов сол бойжеткенге Астанадан пәтер алып берген, көлік сыйлаған және ай сайынғы шығындарын өтеп отырған көрінеді. Тіпті кей пабликтерде олардың бірге түскен суреттері, қымбат сыйлықтары жарияланғаны туралы да айтылуда.

Желіде тараған болжамдардың бірінде бойжеткен өзінің парақшасында «Астыңдағы атың адал болса – бір бақыт, алған жарың адал болса – мың бақыт. Ол – мен» деп жазғаны айтылады. Бұл жазбаны көпшілік әзілкешке меңзеді деп болжауда.

Кей оқырмандар 1997 жылғы қыз болса, «14 жыл бұрын кездессе, 15 жасынан бастап жүрген бе?» деп күмән келтірсе, басқа қолданушылар бұл ақпаратты нақтылай түскендей жауап беруде:

«1994 жылғы ғой. 9-сыныптан кейін Алматыға би оқуға келеді, кейін Тұрсынбектің концерттерінде биші болып жұмыс істейді. Солай жүргенде көңілдері жарасқан», – деп пікір қалдырған TikTok қолданушысы.

Тағы бір ақпаратта бойжеткеннің аты-жөні Айман Талғатқызы екені айтылған.

Айта кетейік, бұл ақпараттардың барлығы әзірге ресми түрде расталмаған. Тұрсынбек Қабатов та, оның ресми өкілдері де бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Қоғамда талқылауға түскен осы деректер әзірге әлеуметтік желідегі қауесет күйінде қалып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Димаш Құдайберген сарапшы Олжас Байділдиновтың мәлімдемесіне ашық түрде жауап берді

Redaktor

Үкімет сыйлық жасап, 7 мың адамға үй бермекші

Redaktor

Баян Алагөзова дене бітімін көрсетіп, жас қыздармен жарысты

Redaktor

Пікір жазу