Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Бір әйелді қарық қылып алыңдаршы»: Әнші Бүркіт өнердегі әріптестерін сынады

Коллаж: ozgeris.info

Әнші Бүркіт соңғы кезде қоғамда жиі талқыланып жүрген отбасы мен көп әйел алу тақырыбына қатысты өз пікірін айтты.

Өнер иесі ер азаматтарға ең алдымен өз қасында жүрген жарын бақытты етуге тырысу керектігін баса айтты.

Бір әйелді қарық қылып алыңдаршы. Бір әйелді бақытты қылу — ол да үлкен іс. Қазақтың санын көбейту туралы әңгімелердің көбі – бос сөз. Баланың саны емес, сапасы маңызды. Баланы тәрбиелеу керек. Таңнан кешке дейін бірге болып, көңіл бөліп, сабағын оқыту қажет, — деді ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің бұл пікірін қолдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Дұрыс айтты», «Мықты ой», «Керемет сөз, дәл жүректен шыққан» – деген сынды пікірлер көп жазылды.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрғали Нүсіпжанов туған күнінде әйелі туралы ерекше жазба жариялады

Redaktor

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

Мөлдір Мұқан бейтаныс ер адаммен бірге көзге түсті

Redaktor